Қызметтер Байланыс Кеңес беру
Neurolab

Новости и статьи



_____

Международный мастер-класс «Диагностика и лечение нейрометаболических синдромов детей» 28 мам. 2022

Мамыр айының 19-жұлдызында елордада неврологиялық сырқаттарды анықтау мен емдеудің жаңа әдістері талқыланды. Нейрометаболикалық синдромға шалдыққан сәбилер барлық елде бар. Нейрометаболикалық және митохондриалды ауруға шалдыққан балаларға диагнозды дұрыс және дер кезінде қою маңызды! Отандық дәрігерлер алдында Бельгиядан келген профессор сөз сөйлеп, ауруды емдеудегі тәжірибесімен бөлісті! Балалар жылына орай ұйымдастырылған шара қаладағы 2-ші балалар ауруханасында өтті. Раушан Кенжеғұлова, №2 қалалық Балалар ауруханасы Неврологиялық бөлімшенің бас кеңесшісі және Нур-Султан қаласындағы «Neurolab» клиникасынын дәрігері: «Ол аурудың себептері көбінде генетикалық болады. Оны енді анасынан немесе әкесінен келді деп айтуға болмайды. Қазіргі заманда «de novo» деген мутация бар. Яғни, балада бірінші мутация болады.» Руди Ван Костер, профессор(Бельгия): «Бүгінде медицинада эволюция болып жатыр деуге болады. Ауруларды анықтап, емдеудің жаңа әдістері бар. Бүгін сол туралы тәжірибе аламастық. Нейрометаболикалық және митохондриалды ауру тікелей генетикамен байланысты. Бұл ретте осы дертке диагнозды дұрыс және тез қою маңызды! Ерте анықталса, емдеу шаралары да соғұрлым ерте басталып, арудың салдары жеңіл болады!» Руди Ван Костердын аудармашысы болып табылған Алматыдағы «Neurolab» клиникасынын маманы Жумаханов Даурен Бахытбекович және Шымкент қаласындағы «NeuroLIFE» клиникасынын маманы Ризаметов Исматулла Хайруллаевич!







Кімге жазылуды білмейсіз бе?


Контактілеріңізді қалдырыңыз, орталық әкімшісі жақын арада сізбен хабарласады және маманның қабылдауына жазады




Позвонить
Close menu