_______
Фельдшер
Ерекшелігі: Нұрсұлтан қаласындағы ТМС дәрігерінің ассистенті.
Жұмыс тәжірибесі:
2014-2019 жылдары Нұрсұлтан қаласының Ана мен бала орталығының Балалар неврология бөлімінде, электроэнцефалография аппаратында медбрат болып жұмыс істеді.
"Ана мен бала орталығы ерте жастағы балалар неврология бөлімшесінің мейірағасы, ЭлектроЭнцефалограмма кабинетінің мейірағасы міндетін атқардым, 2014-2019 жылдар аралығында. Бұл мамандықты таңдаудағы басты мақсатым кішкене болсада жас нәресте-балаларға қол үшін тигізіп, ем алып дені сау болып кетуіне үлес қосу!
Әр бала дені сау болып, балалық шақтың нағыз кереметін өткізуге әбден лайықты!
Осы 2021 жылдың басынан бастап Даурен Бахытбекұлының шақыртуымен “Neurolab” клиникасы ұжымының мейіраға-ассистент қызметін атқарып келем, аз уақыт болсада өз баласының денсаулығына алаңдаған ата-аналардың көздеріндегі үміт отын байқапта үлгердім!
Біздің міндет сіздерге тек аянбай қызмет ету болсын, ал бізге келген әр балапандарымыз, ем алушыларымыз бойындағы дерттен жазылып кетуіне тілектеспін!"
Контактілеріңізді қалдырыңыз, орталық әкімшісі жақын арада сізбен хабарласады және маманның қабылдауына жазады